Отарлау саясаты

lat: Otarlaý saıasaty.

саяси. Жергілікті халықты тұралатып, қанаумен жүргізілетін, күшті державаның артта қалған ел мен халыққа аумақтық бақылау орнату саясаты әрі іс-әрекеті.

Батыс еуропалық отарлау саясаты өзінің қалыптасу кезеңінде әлемдік экономиканың аса күшті даму тетігіне айналды (Саяси түсіндірме сөздік).

Россия патшалығы бұл елдерге қарсы өзінің отарлау саясатының бар әдісін пайдалана білді (I.Есенберлин, Жанталас).